30.05.2019, 13:38 8519

Ақтөбе облысының аумағында 786 су айдыны бар

2012 жылы ақтөбелік құтқарушылардың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының барлық аумағында құтқарушы-жасақтарды оқыту және дайындау басталды. Жеті жыл ішінде Ақтөбе облысында 524 жасақшы-құтқарушы дайындалды,олар суға шомылу маусымы кезінде ыстыққа қарамай, өз еркімен біздің тұрғындардың өмірін қорғауға кіріседі.

Нұр-Сұлтан. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысының аумағында 786 су айдыны бар-бұл өзендер, көлдер мен су қоймалары.Облыс тұрғындары үшін бұл су қоймаларын әсіресе көктем мен жаз мезгілдерінде қауіпті деп санауға болады.

Жыл сайын суда орта есеппен 20-дан астам адам қаза болады, олардың жартысы су айдындарына ересек адамдардың қарауынсыз келетін балалар мен жасөспірімдер.Әдетте, азаматтардың қаза болуыуақытында көмекке келе алатындайындалған және оқытылған құтқарушылар жоқсуға түсуге тыйым салынған жерлерде орын алады.

2012 жылы ақтөбелік құтқарушылардың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының барлық аумағында құтқарушы-жасақтарды оқыту және дайындау басталды. Жеті жыл ішінде Ақтөбе облысында 524 жасақшы-құтқарушы дайындалды,олар суға шомылу маусымы кезінде ыстыққа қарамай, өз еркімен біздің тұрғындардың өмірін қорғауға кіріседі.

2019 жылы да бұл игі іс жалғасын тауып, 15-24 мамыр аралығында аудандардан келген және жергілікті атқарушы органдар жіберген 107 құтқарушы-жасақшы Департаменттің Жедел-құтқару жасағында оқудан өтті.

Жасақшыларды оқыту үш кезеңде жүргізілді:бірінші кезең-теориялық дайындық жүргізу (құтқарушылармен медиктер, психологтар, сүңгуірлер жұмыс істеді); екінші кезең Ақтөбе су қоймасындағы № 2 құтқару станциясының базасында өтті (бірінші сыныпты құтқарушылар құтқару шеңберін, "Александров" ұшындұрыс беруге, жүзу құралында есуге және суға батып бара жатқан адамға жақындауға үйретті); үшінші кезең "Чайка" бассейні базасында өтті (суға батып бара жатқан адамды құтқару дағдылары, оны жағаға шығару, сондай-ақ суға батып бара жатқан адамның үрей үстіндегі қапсыра қармауынан босау тәсілдері пысықталды).

Оқытуға үміткерлерді таңдау барысында дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндері мұғалімдеріне басымдық берілді, өйткені олардың физикалық дайындығы жақсы, алғашқы көмек көрсету тәсілдерін меңгерген, оқушылар мен олардың ата-аналарын, сондай-ақ өзінің ауылдық округінің немесе аудан орталығының су айдындарының ерекшелігін біледі. Балалармен белгілі бір жұмыс тәжірибесі бар, олардың арасында беделге ие болған жасақшылар бақылаудағы акваторияларда балалардың қаза табуына жол бермеумен қатар, оларды жүзуге үйрете алады.

Оқытудан өткеннен кейін жаңадан іске кірісетін құтқарушыларға сертификаттар табысталды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының ТЖД Жедел құтқару жасағы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны