18.02.2019, 19:42 10139

Ақтөбе облысының бюджеті балабақшаларды сенімді басқаруға бергеннен кейін 560 млн.теңгені үнемдеді

Аталған мектепке дейінгі мекемелерде 2551 бала тәрбиеленуде. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мектепке дейінгі ұйымға бір баланы тәрбиелеуге және оқытуға 19354 теңге көлемінде шығындар өтеледі.

Ақтөбе. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысының бюджеті балабақшаларды сенімді басқаруға бергеннен кейін 560 млн.теңгені үнемдеді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турда Ақтөбе қаласының білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, сенімді басқаруға 9 балабақша берілген, олардың қатарында №2 "Бұлбұл", №4 "Көктем", №8 "Балбөбек", №40 "Балдаурен", №42 "Айналайын", №46 "Айкерім", "Райгүл", "Райгүл-1" мектепке дейінгі ұйымдары мен "Бәйтерек" балабақшасы бар.

"Балабақшаларды сенімді басқаруға беру - бұл балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен көбірек қамтуға, сондай-ақ кезектілікті төмендетуге мүмкіндік беретін мемлекет пен кәсіпкердің өзара іс-қимылының жаңа форматы.

Аталған мектепке дейінгі мекемелерде 2551 бала тәрбиеленуде. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде мектепке дейінгі ұйымға бір баланы тәрбиелеуге және оқытуға 19354 теңге көлемінде шығындар өтеледі.

Ата-ананың төлем мөлшері күніне 500 теңгені және айына 10000-11500 теңгені құрайды. Ата-аналар баланың нақты барған күндері үшін, сондай-ақ шарттық, ерікті негізде қосымша ақылы білім беру қызметтері үшін ғана төлем төлейді", - деді Саян Сүлейменов.

Кәсіпкерд мемлекеттік тапсырыс аясында алған қаражатты балабақшаның материалдық-техникалық базасын жақсартуға жұмсайды.

Жалпы, сенімгерлік басқаруға берілген мектепке дейінгі мекемелерде күрделі жөндеу жүргізіліп, шатыры, жиһазы, терезелері ауыстырылды, ойыншықтар сатып алынды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бюджет 560 млн. теңгені үнемдеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны