Система Orphus

Ақтөбеде үміткер мемлекеттік қызметке жалған сертификатпен кіруге тырысқан

17.07.2019, 12:28 6724

Нұр-Сұлтан. 17 шілде. Kazakhstan Today - Мәртөк ауданы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясы уәкілетті органнан заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға арналғантестілеуден өтпеген тұлғаны әңгімелесу сатысына жіберген.

Бұл бұзушылық облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаменті қызметкерлерінің жұмыс тексерісі барысында анықталды.

Департаменттің баспасөз-хатшысының айтуынша, Мәртөк ауданы әкімі аппаратымен Аққұдық ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы бос лауазымына жалпы конкурс жарияланған. Аталған конкурсқа бір ғана үміткер құжаттарын тапсырған.

Алайда, кейін анықталғандай, аталған үміткер конкурсқа қатысуға негізгі құжаттардың бірі болып табылатын заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өткендігі туралы сертификаттың "жалған" түрін тапсырған.

Бұған қарамастан конкурстық комиссия аталған үміткерді әңгімелесу сатысына жіберу және жарияланған бос лауазымға тағайындау туралы мемлекеттік органның басшысына ұсыныс берген.

Қазіргі таңда "жалған сертификат" фактісі бойынша құқық қорғау органдарымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, конкурстық рәсімді бұзғандары үшін түрлі басшылық лауазымдарды атқаратын Мәртөк ауданы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының 6 мүшесі жалпы сомасы 113 628 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл қолдану арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны