18.02.2019, 19:45 10468

Ақтөбеде облыстық әкімдіктің "Ашық есік күндері" акциясы аясында ұйымдастырған қоғамдық қабылдаулар жұмысын жалғастыруда

Екі күн ішінде қоғамдық қабылдауларға 2155 адам 2267 түрлі мәселемен жүгінген. Негізінен тұрғындарды тұрғын үй жағдайын жақсарту, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және т. б. салаларға қатысты мәселелер қызықтырады.

Ақтөбе. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбеде облыстық әкімдіктің "Ашық есік күндері" акциясы аясында ұйымдастырған қоғамдық қабылдаулар жұмысын жалғастыруда. Бұл күндері ақтөбеліктер азаматтарды қабылдайтын төрт пунктке жүгініп, өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша кеңес ала алады.

Екі күн ішінде қоғамдық қабылдауларға 2155 адам 2267 түрлі мәселемен жүгінген. Негізінен тұрғындарды тұрғын үй жағдайын жақсарту, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және т. б. салаларға қатысты мәселелер қызықтырады.

Көптеген мәселелер тез арада сол жерде шешімін табуда. Сонымен, 11 адам тұрғын үй алуға кезекке тұрды, атаулы әлеуметтік көмек алуға 68 адамның құжаттары қабылданды, 10 бала мектепке дейінгі мекемелерге, 1 бала мектепке орналастырды. Сонымен қатар, бірнеше ақтөбелік науқасына байланысты есепке алынып, екеуі тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды.

Жер мәселесі өзекті болып отыр. Өтініш білдірген 177 адамның жетпісіне жер комиссиясына жолдама берілді, жетеуі қаулы көшірмесін алды, 3 адам жұмысқа орналастырылды.

Жалпы, 220 мәселе оң шешімін тапты,1801 ақтөбелікке түсіндіру жүргізілді, 219 мәселе қаралу сатысында тұр.

Бұдан басқа, мобильді топтар мұқтаж азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына барып, қолдан келген көмектерін көрсетуде, олардың отбасыларының өмір сүру жағдайымен танысып жатыр. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша мүмкін болатын әлеуметтік көмекті одан әрі көрсету тетіктері қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны