25.01.2023, 12:37 42811

Ағымдағы жылы ArtSport бағдарламасымен 560 мыңнан астам бала қамтылады - МСМ басшысы

Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты жалғастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардан 86,7 млрд теңге бөлінді
Ағымдағы жылы ArtSport бағдарламасымен 560 мыңнан астам бала қамтылады - МСМ басшысы
Астана. 25 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Мәдениет және спорт министрлігінің алқасында ведомство басшысы Асхат Оралов 2023 жылы ArtSport бағдарламасы аясында 560 мыңнан астам бала мен жасөспірім қамтылатынын хабарлады.

Асхат Оралов балалардың спортпен, дене шынықтырумен тұрақты шұғылдануына жіті назар аударылатынын атап өтті. Бұл ретте, мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс бойынша жұмыстар жалғасын табады.

Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысты жалғастыру мақсатында 2023 жылы 560 мыңнан астам бала мен жасөспірімді қамту үшін жергілікті атқарушы органдардан 86,7 млрд теңге бөлінді",- деді министр.


Ведомствоның ақпараты бойынша, 2022 жылы 4 жастан 17 жасқа дейінгі 400 мыңнан астам бала мен жасөспірім 13 мың спорт секциясы мен шығармашылық үйірмелерге тегін баруға мүмкіндік алды.

Еске салайық, Алматыда ArtSport бағдарламасы бойынша 2,5 млрд теңге ұрланған болатын.

Бұған дейін Бас прокуратура ArtSport бағдарламасында миллиардтан астам теңге ұрлық анықталғанын хабарлады. Қадағалау органы 1,1 миллиард теңге бюджет ақшасын ұрлау фактісін анықтады, ол үшін сыбайлас шенеуніктер алты мыңға жуық баланы үйірмелер мен секцияларға қабылдаудың күрделі схемасын әзірлеген, бірақ олар іс жүзінде ешқайда қатыспаған. Бірқатар облыстарда - Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында мектеп оқушыларын біліктілігі мен білімі жоқтар ғана емес, спортқа қатысы жоқ адамдар да дайындағаны хабарланды. Тіпті, бұрын жезөкшелікке және жыныстық қол сұқпауға қарсы қылмыс жасағаны үшін сотталғандар да бар.

Өткен жылдың шілде айында Мәдениет және спорт министрлігі МСМ-нің мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізуіне белсенділер қарсылық танытқаннан кейін Дәурен Абаевтың бұйрығының жобасын кері қайтарып алған болатын. Кейін Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы жергілікті шенеуніктерді ArtSport бағдарламасы бойынша 10 миллион теңге ұрлады деп күдіктенетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында ArtSport бағдарламасын жүзеге асыруда көптеген бұзушылықтар анықталды. Алматы әкімдігі АrtSport бағдарламасы "өлі жандарды" тіркейтінін мәлімдеді. Қонаевта әкімдік қызметкеріне ArtSport бағдарламасы бойынша пара алғаны үшін 12 млн теңгеге айыппұл салынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны