19.10.2015, 12:09 5472

И. Жақсыбеков елорданыӊ Бірыӊғай интеллектуалды байланыс орталығын іске қосуды тапсырды

Бүгін Астана әкімі Иділбек Жақсыбековтіӊ төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиналысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Олардыӊ қатарында - қаланыӊ барлық коммуналдық қызметтерін қыс маусымына даярлау, сондай-ақ, елорданыӊ экологиялық ахуалы

Астана. 19 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Астана әкімі Иділбек Жақсыбековтіӊ төрағалығымен өткен кезекті аппарат жиналысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Олардыӊ қатарында - қаланыӊ барлық коммуналдық қызметтерін қыс маусымына даярлау, сондай-ақ, елорданыӊ экологиялық ахуалы, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еске сала кетейік, өткен аптада қала басшысы коммуналдық қызметтердіӊ, атап айтқанда, қар тазалайтын және өзге де техниканыӊ қыс маусымына дайындығын тексерген болатын. Икім қар жауған сәттен бастап маусым бойы тазалау жұмыстары үзіліссіз жүргізілуі керектігін атап айтты, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Аппарат отырысы барысында қаланыӊ экологиялық ахуалы да талқыланды.

Қалада кесек отынмен жылынатын үйлер мен ғимараттар саны 32 мыӊға жуық. Бұдан бөлек, ауаны тұрғын үй секторы және жылыту кешендерінен өзге, автокөліктер де айтарлықтай ластайды. Бүгінде елордада тіркелген автокөліктердіӊ саны 320 мыӊнан асты. Одан бөлек, күнделікті қалаға 60-70 мыӊ өзге қалалардан келетін көліктер бар.

И. Жақсыбеков елорданыӊ Бірыӊғай интеллектуалды байланыс-орталығын іске қосу мәселесіне де ерекше назар аударды. Қазіргі уақытта әкімніӊ тапсырмасына сәйкес қаладағы барлық қызметтерді бір жүйеге тоғыстыратын аталған байланыс орталығын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Орталық "бір қоӊырау" принципі бойынша жұмыс істейтін болады. Бірыӊғай орталыққа қаланыӊ әрбір тұрғыны өзін алаӊдатқан кез-келген мәселе бойынша хабарласып, кеӊ көлемде толыққанды ақпарат алуға мүмкіндігі болады.

Байланыс орталығыныӊ бағдарламалық жабдықталуы тұрғындардыӊ шағымдарын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Нәтижелер мен статистикалық мәліметтер "Басшы панелінде" көрсетіліп тұрады.

И. Жақсыбеков аталмыш жоба қала үшін өте қажет екенін және оныӊ болашақта қаладағы барлық қызметтерді бақылау мен бағалау құралына айналатынын айтты.

Икім Бірыӊғай интеллектуалды байланыс-орталығын 15 қарашада пилотты түрде іске қосуды, ал 1 қаӊтардан бастап қала тұрғындарына толыққанды қызмет көрсетуін бастауды тапсырды. Осылайша, Астана "ақылды қала" туралы пікірдіӊ орнығуын дамытып, бекіте түсуі керек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны