11.06.2019, 20:06 9103

"Ақжайық - адалдық алаңы" Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы спорт алаңдарын тексеруге ниеттеніп отыр

Орал. 11 маусым. Kazakhstan Today - "Ақжайық - адалдық алаңы" Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы спорт алаңдарын тексеруге ниеттеніп отыр. Мұндай шешім "Ақжайық - адалдық алаңы" жобасын үйлестіруші Ғабидолла Оспанқұлов, "Ақжайық - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Салиева, Орал қаласы әкімінің орынбасары мен басқармалардың бөлім басшыларымен бірлесе азаматтарды кезекті қабылдау барысында қабылданды. Орал қаласының тұрғыны Еламан Батыргерей жобалық кеңсеге "қараусыз қалған" футбол алаңына қатысты жүгінді. Тұрғынның пікірінше, құрылыс нормаларын бұзу салдарынан алаң мүлдем пайдалануға жарамсыз болып қалған.

"Қазір жыл сайын біз пайдалануға тапсыратын жаңа спорт алаңдары қандай балансқа беріліп жатқанын анықтап жатырмыз. Біз аталған жерге барып, алаңның жағдайымен танысуды, оны қашан кім салғанын, технология не себепті бұзылғанын және қазір кімнің балансында екенін анықтауды ұсындық. Осылайша бүкіл қала бойынша спорт алаңдарының жағдайына және оларды келешекте күтіп ұстауға қатысты мәселені жүйелі түрде шешетін боламыз", - деп мәлімдеді Ғабидолла Оспанқұлов. Жоба үйлестірушісінің айтуынша, жобалық кеңсе қатысушылары әрбір сұрақты жауапты мамандардың қатысуымен егжей-тегжейлі қарастырып, талқылай келе проблеманы шешу жолдары табылған. Мәселен, азаматтарнды қабылдауға келген бір әйел өзінің немересінің құжаттарын қалпына келтіруге көмектесуді сұраған. Оның туу туралы куәлігі жоғалыпты. Айта кету керек, құжаттың көшірмесі қолда бар. Ал құжаттың түпнұсқасын қалпына келтіру мүмкін болмаған.

"Қазір біз мәселенің байыбына барып жатырмыз. Қайда және неге бөгет болғанын зерттеп, әріқарай шешім қабылдайтын боламыз. Мәселені шешудің ең қысқа жолын зерттей келе сотқа бару екенін айттық", - деді жобалық кеңсенің үйлестірушісі. Келіп түскен барлық сұрақтар бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, құқықтық көмек көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны