06.02.2015, 21:23 4539

ИИҚ әскери институтыныӊ нұсқаушы ұшқыштары даярлықты бастады

Иуе қорғанысы күштерініӊ әскери институтында тікұшақтармен командирлік ұшулар басталды. Тәжірибесі мол бола тұра нұсқаушы ұшқыштар жыл сайын қайта даярлықтан өтіп тұруы тиіс, өйткені олар көктемде курсанттарды өздігінен ұшуға үйрете бастайды

Астана. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Иуе қорғанысы күштерініӊ әскери институтында тікұшақтармен командирлік ұшулар басталды. Тәжірибесі мол бола тұра нұсқаушы ұшқыштар жыл сайын қайта даярлықтан өтіп тұруы тиіс, өйткені олар көктемде курсанттарды өздігінен ұшуға үйрете бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сондықтан нұсқаушылар өздерініӊ ұшу даярлықтары кезінде дағдыларын жаӊартып, ұшқыш ретінде де, педагог ретінде де шеберліктерін шыӊдай түседі. Курсанттарды оқыту сапасы, олардыӊ теориялық білімді меӊгеруі және оны іс-жүзінде пайдалана білуі нұсқаушы ұшқыштардыӊ даярлық деӊгейіне байланысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ұшу даярлығы барысында тәжірибесі мол нұсқаушы ұшқыштар өздерініӊ жас әріптестерін үйретсе, ал олар өз кезегінде курсанттарды тәрбиелейтін болады.

"Біздіӊ мамандықтағы басты басымдық - бұл оқу процесі, ұшу даярлығы оныӊ ажырамас бөлігі болып саналады", - деп атап өтті институт бастығы полковник Марат Ботин. Сондықтан да нұсқаушы ұшқыштар курсанттар даярлығы басталғанға дейін кәсіби тұрғыда толық дайын болуға бар күшін салады. Олар жастарды ұшуға үйретіп, өздеріне деген сенімділіктіӊ қалыптасуына жағдай жасайды, қанат береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны