17.10.2016, 22:00 8172

Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры 83-ші театр маусымын ашты

Биылғы маусымда үш премьера жоспарланып отыр. Көрермендер П. Чайковскийдіӊ "Аққу көлі" балетініӊ және "Травиата" операсыныӊ жаӊартылған нұсқасыныӊ премьерасын тамашалай алады.

Алматы. 17 қазан. Kazakhstan Today - Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театры 83-ші театр маусымын ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Биылғы маусымда үш премьера жоспарланып отыр. Көрермендер П. Чайковскийдіӊ "Аққу көлі" балетініӊ және "Травиата" операсыныӊ жаӊартылған нұсқасыныӊ премьерасын тамашалай алады.

"Біз осы маусым бұдан бұрынғы маусымдардан, бұған дейінгі 82-ші маусымнан сәттірек болады деп сенеміз. Иртістеріміздіӊ деӊгейі де арта түсуде", - деді театрдыӊ бас директоры және көркемдік жетекшісі Асқар Бөрібаев баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойын тойлау шеӊберінде классикалық өнер фестивалі өтеді, онда балет кеші, Қазақстан сазгерлерініӊ вокалдық және аспапты мусыкасыныӊ концерті, "Ұлы дала аӊыздары" балеті және Ғазиза Жұбанованыӊ "Еӊлік Кебек" операсыныӊ премьерасы болады деп күтілуде.

Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театры 83-ші театр маусымын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидіӊ "Абай" операсымен ашады. Режиссер Андреа Чиньи (Италия) және дирижер, ҚР еӊбек сіӊірген әртісі Алан Бөрібаевтыӊ қойылымы бойынша бұл операныӊ премьерасы 2014 жылдыӊ маусым айында өткен болатын, сол жылдыӊ қазан айында опера Париж қаласында "Шанзелизе" театрыныӊ сахнасына шығарылып, онда жұртшылықтыӊ зор ықыласымен қабылданды.

Қойылымдағы басты партияларды мынадай танымал әртістер орындайды: Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік сыйлығыныӊ иегері Талғат Күзембаев, операныӊ жетекші жеке орындаушысы Нұржан Бажекенов. Ажардыӊ партиясын Астана Операныӊ жеке орындаушысы, ҚР еӊбек сіӊірген әртісі Салтанат Ахметова орындайды. Ол 2014 жылы "Үлкен опера" тележобасыныӊ үшінші маусымында жеӊіске жеткеннен кейін елге кеӊінен танылған болатын. Ал Жиреншеніӊ партиясын Астана Операныӊ жеке орындаушысы Евгений Чайников орындайды. Дирижері - Ерболат Ахмедьяров.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны