18.02.2008, 14:02 2849

"Абай" шахтасындағы жарылыс кезінде зардап шеккен кеншілердің отбасыларына арнап 13 млн жуық теңге жиналды

"Абай" шахтасындағы жарылыс кезінде зардап шеккен кеншілердің отбасыларына арнап 13 млн жуық теңге жиналды

Қарағанды. 18 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Абай" шахтасындағы жарылыс кезінде зардап шеккен кеншілердің отбасыларына арнап 12 млн 891 мың теңге қайырымдылық көмек жиналды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымдары федерациясының төрайымы Александра Мадиярова хабарлады.

"Ақша кәсіподақ және қоғамдық ұйымдарлдан, қарапайым адамдардан келіп жатыр. Олардың арасында тіпті зейнеткерлер де бар. Ең қомақты ақша - 1,6 млн теңге парламент сенатынан келіп түсті", - деді А. Мадиярова.

Оның айтуынша, ақша әлі де келіп жатыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 11 қаңтарда "Арселор Миттал Теміртау"АҚ көмір департаментінің "Абай" шахтасында метан шығу салдарынан жарылыс болды. Соның салдарына 30 кенші қаза тауып, 14 адам ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны