15.05.2008, 19:35 7062

Абайда қаза болған шахтерлерге арналған ескерткіш орнатылды

Абайда қаза болған шахтерлерге арналған ескерткіш орнатылды

Қарағанды. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Абай қаласындағы (Қарағанды облысы) зиратта қаза болған кеншілерге арналған ескерткіш қойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мәрмәрден жасалған мүсін композициясы бұл жерде 8 мамырда қойылды . Абай шахтасы учаскесінің бұрынғы бастығы, қазіргі кезде Мәскеу кәсіпкері берілген тапсырыстың жарты ақшасының көбісін төлеп бұл жерде ескерткішті орнатты.

Ескерткіш әлі толық аяқталмаған болса да, осы күнде бұл Абай қаласы тұрғындары зиярат жасайтын орынға айналды. Қалада қаза болған кеншілерге ешқандай ескерткіш мүлдем жоқ. Бұдан бұрын хабарланғанындай, биылғы жылдың 11 қаңтар айында "Абай" шахтасында 30 адам қаза болып, тек 9 адамның мәйітін ғана жер үстіне шығаруға мүмкіндік болды. Бұл ескерткіш қаза болған кеншілердің туған туыстары үшін бұрынғы кеншілер ұжымының тартуы . Мәскеу бизнесмені қаза болған шахтерлердің басым көпшілігімен таныс болған.

Облыс басшылығы мен көмір департаментінің басшылары болжам бойынша кеншілер қаза болған жерде ескерткіш орнатамыз деген уәдесін әлі орындаған жоқ ,бірақ қазірдің өзінде қаза болғандардың туған-туыстары келетін жер бар.

Қаза болған тоғыз кеншінің құлпытастары орнатылды, ал зиратқа кіре берісте қаза болған отыз адамға арналған ескерткіш тұр.

Облыстық әкімдікте Абай зиратында ескерткіштің қойылғанына сегіз күн болғанын журналистерден естіді. Шенеуніктер ескерткішті орнатқан меценаттың аты жөнін айта алмады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны