09.03.2010, 14:44 3283

Ad Astra Rocket Company 40 күнде Марсқа жетуге мүмкіндік беретін жаңа зымыран қозғалтқышын жасауда

Ad Astra Rocket Company 40 күнде Марсқа жетуге мүмкіндік беретін жаңа зымыран қозғалтқышын жасауда

Алматы. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Ad Astra Rocket Company 40 күнде Марсқа жетуге мүмкіндік беретін жаңа зымыран қозғалтқышын жасауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Новости Америки" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Бұрынғы НАСА астронавты Франклин Чанг-Диас (Chang-Diaz) негізін қалаған Ad Astra Rocket Company компаниясы электр зарядтар мен магниттік өрістің көмегімен әсіре қызулы әрі қуатты плазма ағынын шығаратын жаңа зымыран қозғалтқышын жасауда. Плазма ағыны аз отын тұтынып, жылдамдықты әсіре өсіретін тұрақты әрі тиімді тарту күшін түзеді.

"Марста күрделі зерттеулер жүргізу үшін электр зымыран қозғалтқыштары қажет дегенді адамдар ертеде, 50-ші жылдары білген", - деді Аd Astra Rocket Company-дің даму жөніндегі директоры Тим Гловер (Tim Glover).

Зымыран технологиясы Марсқа жету үшін ғарыштық аппаратқа қажетті уақытты біршама қысқарта алады. Жарты жылдың орнына оған бір айдан астам уақыт керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны