01.04.2020, 14:52 5489

Адам қаққан көлік жүргізушісі табылды

Жүргізуші "Opel-Vektra" маркалы автокөлігін басқара отырып, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Соның салдарынан кәмелет жасқа толмаған жаяу жүргінші қайтыс болды.

Алматы.1 сәуір. Kazakhstan Today - 30 Наурыз 2020 ж., 12:16 жарияланған Шымкент қаласының учаскелік инспекторы кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен автокөлікті тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 26 наурызында №9 учаскелік тірек пунктінің учакелік инспекторы Нұрбол Қалдыұлы Төреқұлов көрші әкімшілік учаскеде - Құрсай ш/а-да жасалған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама алды.

Бұл әкімшілік учаскеде ол бұрын төрт жылдан астам қызмет атқарған (2015-2019 жылдарда), сондықтан ол жерді жақсы біледі. Жүргізуші "Opel-Vektra" маркалы автокөлігін басқара отырып, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Соның салдарынан кәмелет жасқа толмаған жаяу жүргінші қайтыс болды.

Учаскелік инспектор тез арада аталған автокөлікті іздестіруге кірісіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған ЖКО-на қатысы бар автокөлік пен оның жүргізушісін ізін суытпай анықтады.

Жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (автомобильді, троллейбусты, трамвайды немесе басқа да механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы абайсызда адам өліміне алып келген) және 347-бабы (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Автокөлік айып тұрағына салынды.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қала прокуратурасының бақылауында тұр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы жария етілмейді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны