14.07.2008, 17:09 2747

Адам құқықтары бойынша Ұлттық жоспарды әзірлеу аясында қазақстандық құқық қорғаушылар Литваға бармақшы

Адам құқықтары бойынша Ұлттық жоспарды әзірлеу аясында қазақстандық құқық қорғаушылар Литваға бармақшы

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - "Адам құқықтары бойынша Ұлттық жоспарды әзірлеу мақсатында ұлттық мүмкіндіктерді нығайту" тақырыбындағы ҚР СІМ және БҰҰ Даму Бағдарламасының біріккен жобасының шеңберінде ҚР президенті жанындағы Адам құқықтары бойынша комиссияның мүшелері мен адвокатура өкілдері 14-18 шілде аралығында Вильнюс қаласына сапар шегеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Сапар мақсаты Адам құқықтары бойынша ұлттық жоспарды әзірлеу мен жүзеге асырудағы Литваның тәжірибесімен танысу, және әділеттілік пен мүгедектер құқықтары бойынша халықаралық өлшемдерді имплементациялау болып табылады.

Сапар барысында елімізді делегациясы Литва Республикасының омбудсменімен, сонымен қатар Парламент, Білім беру министрлігі, Жоғарғы сот, Иділет министрлігі және Литва Қоғамдық қорғаушылар офисінің өкілдерімен кездеседі деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны