Система Orphus

Адам құқықтары жөніндегі комиссия 2007 жылғы Қазақстандағы адам құқықтарының сақталуы туралы баяндаманы бекітті

21.04.2008, 19:06 2452

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия бүгін оның хатшылығы даярлаған "2007 жылғы Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының сақталуы туралы" жыл сайынғы баяндаманы бекітті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Баяндама жобасы Қазақстандағы адам құқықтары жағдайы туралы жан-жақты және толыққанды ақпараттық-сараптамалық материалды қамтыған. Менің білуімше, бұл осындай баяндамалардың ішіндегі бәрін қамтыған баяндама болып отыр. Оның 46 бөлім, 165 беттен тұратынын айтсақ та жеткілікті", - деп атап көрсетті аталмыш құжатты ұсынған комиссия мүшесі Леонид Мартынов.

Оның айтуынша, баяндама көптеген мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, оның ішінде халықаралық құқық қорғау ұйымдары ұсынған мәліметтерге негізделген. Баяндама сондай-ақ, адам құқықтары жөніндегі комиссия мен оның хатшылығы жүргізген арнайы зерттеу нәтижелерін де қамтиды.

Шара соңында комиссия мүшелері мен жұмыс тобы айтқан ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып жыл сайынғы баяндама мәтініне өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қатысушылар хатшылыққа тапсырды.

"Баяндамада сыбайлас жемқорлық мәселесі көрініс табуы үшін аттас бөлімді қосу қажет. Барлық аталған ұсыныстарды ескере отырып баяндаманы толықтыру керек", - деді комиссия төрағасы Сағынбек Тұрсынов.

"Адам құқықтары жөніндегі комиссия кеңестері, сөз жоқ, ұлттық баяндама жасау кезінде ескеріледі. Ұлттық жоспарды жасайтын жұмыс тобын президент әкімшілігі бекітті. Жақында оның отырысын өткізетін боламыз. Онда біз осы жылы істеуге тиісті мәселелерді қарастырмақпыз", - деп түсіндірді ол.

"Біздің комиссиямыздың бірқатар маңызды кеңестері өзінің өзектілігін әлі жоғалтқан жоқ. Мәселен, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактнің екінші факультативтік хаттамасына Қазақстанның қосылуы. Қазақстан болашақта оған қосылу үшін біз одан әрі қарай да осы мәселені ұсына беретін боламыз", - деп атап көрсетті С. Тұрсынов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны