05.06.2019, 21:56 8877

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) жаңадан тағайындалған өкілімен кездесті

ЮНИСЕФ-тің жаңа өкілі өз ұйымының ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайындығын білдіріп, оны Қазақстан Үкіметі тарапынан тұжырымдау үшін тиісті құжатты әзірлеуі туралы хабардар етті.

Нұр-Сұлтан. 5 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Нұр-сұлтан қаласында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) жаңадан тағайындалған өкілі Артур ван Дизенмен кездесті.

Әңгіме барысында ҚР Омбудсмені осы ұйыммен, ең алдымен, бірлескен жобалар аясында көпжылдық жемісті ынтымақтастықты атап өтті. Басым бағыттар ретінде балаларды кемсітушіліктен қорғау, олардың құқықтарын институционалдық мекемелерде және көші-қон үдерістерінде сақтауға мониторинг жүргізу мәселелері талқыланды.

Жекелеген жобаларды іске асыру қорытындылары бойынша, атап айтқанда, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау бойынша қазақстандық тәжірибе басқа елдерде пайдалану үшін ұсынылған.

ЮНИСЕФ-тің жаңа өкілі өз ұйымының ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайындығын білдіріп, оны Қазақстан Үкіметі тарапынан тұжырымдау үшін тиісті құжатты әзірлеуі туралы хабардар етті.

Кездесуге ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы бұрынғы өкілі Юрий Оксамитный қатысты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны