12.02.2015, 15:43 3900

Аэромобильді күштер барлау бөлімшелерініӊ жиыны басталды

Алматы облысындағы Шошқалы десанттық-шабуыл бригадасында Аэромобильді күштердіӊ бөлімдері мен барлау бөлімшелерініӊ лагерьлік жиыны басталды. Шараға 350-ден аса әскери қызметші, оныӊ ішінде 35 жедел қызмет әскерилері қатысуда

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы Шошқалы десанттық-шабуыл бригадасында Аэромобильді күштердіӊ бөлімдері мен барлау бөлімшелерініӊ лагерьлік жиыны басталды. Шараға 350-ден аса әскери қызметші, оныӊ ішінде 35 жедел қызмет әскерилері қатысуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аэромобильді күштер бөлімдерініӊ әскери дайындық жоспарына сәйкес лагерьлік жиынныӊ мақсаты мамандығы бойынша барлаушыларды дайындау және бөлімшелердіӊ үйлесімді қызметін орындау. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Дайындық шаралары мина жару бойынша бақылау-кешенді жаттығулар өткізу, әскери топография, медициналық және әскери-инженерлік іс жүргізу, тосқауыл кезіндегі барлау әрекеті, із кесу мен шабуыл орындауды қамтиды.

-Осы міндерді орындау арқылы әскерлер норматив тапсырады және лагерьлік жиын барысында барлау бөлімшелері тек оқып, дағдысын дамытып қана қоймай, сонымен қатар бағаға сынақ тапсырады. Осылайша біз мықтыларды анықтайтын боламыз - деп атап өтті лагерьлік жиын жетекшісі, ҚР ҚК ҚК Аэромобильді күштері қолбасшылығы барлау басқармасыныӊ бастығы Рахат Қарсембаев.

Аэромобильді күштері бөлімшелерініӊ барлау жиыны полигондық жағдайда өтуде. Полигонда жатып оқу үшін палаткалы лагерь, шаруашылық қамту және медициналық пункті құрылып, әскери кезекшілік ұйымдастырылған.

Лагерьлік жиын екі аптаға созылады. Барлау бөлімшелерініӊ жаттығу қорытындысында взводтық-тактикалық арнайы оқу-жаттығу өткізіледі. Оныӊ барысында барлаушылар аумақтық дистанцияларда өз іс-әрекеттерін орындайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны