10.06.2016, 17:21 4925

Аэроұтқыр әскерлері АрМИ халықаралық ойындары шеӊберінде "Эльбрус шығыршығы" байқауында ҚР ҚК-ніӊ намысын қорғайды

Алматыда "Искери Альпиниада" аяқталды. Оныӊ барысында Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері Армия ойындары-2016 шеӊберінде өтетін "Эльбрус шығыршығы-2016" байқауына жолдама ұтып алу үшін бақ сынасты

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда "Искери Альпиниада" аяқталды. Оныӊ барысында Қазақстан Қарулы Күштерініӊ әскери қызметшілері Армия ойындары-2016 шеӊберінде өтетін "Эльбрус шығыршығы-2016" байқауына жолдама ұтып алу үшін бақ сынасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Тау - бұл қателікті кешірмейтін, алдын ала болжауға келмейтін әрі күрделі стихия. Сондықтан болар АОСК-ныӊ алдындағы басты тапсырма экстремалды жағдайларда байқауды қауіпсіз өткізу болып табылды. Байқаудыӊ барлық кезеӊдері жеткілікті күрделі болды. Себебі, ауа райы құбылып, тосын мінез танытты. Жаӊбыр жауып, таулардағы көрінушілікті төмендетті және аптап ауа райы болды. Қатты шаршағандықтан командалардыӊ қашықтықты еӊсеріп өте алмаған кездері де болды. Алайда, мұныӊ барлығына қарамастан, сайыс жоғары деӊгейде өтті және көптеген әскери қызметшілер жоғары дайындық деӊгейін көрсетті", - деді сайыс төрешісі, АОСК штаттық командасыныӊ таулы даярлық жөніндегі аға бапкері аға лейтенант Мақсұт Жұмаев, деп хабарлады Қорғаныс министрлігіні? баспасөз қызметі.

Аэроұтқыр әскерлері 48386 әскери бөлімініӊ командасы сайыс жеӊімпазы атанса, 32356 әскери бөлімі екінші орынды, "Оӊтүстік" ӨӊҚ 03811 әскери бөлімі үшінші орынды еншіледі.

"Меніӊ командам жақсы нәтиже көрсетті. Мұныӊ барлығы жақсы дайындық пен команданыӊ командалық рухтығыныӊ арқасы. Жарыс барысында қиындықтар болды. Қашықтықты өткермей, барлығын тастап кеткін келген кезеӊдер болды. Алайда, біз соӊына дейін жетіп, жеӊіске қол жеткіздік", - деп сайысқа қатысушы Ерлан Шөкеев алған сезімімен бөлісті.

Искери альпиниада бес кезеӊде өткенін естеріӊізге сала кетейік. Бірінші және екінші кезеӊ шеӊберінде әскери қызметшілерге күрделі емес шөпті, оранбалы және бағдардыӊ қарлы учаскелері бойынша күндізгі өткелден өту қажет болды. Үшінші және төртінші кезеӊ барысында сайыс қатысушылары "Ілмелі өткел", "Құзға өрмелеу" және "Жаралыны тасымалдау" арнайы учаскелерін өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны