01.02.2016, 15:11 3921

Аэроұтқыр әскерлерінде келісімшарт бойынша сержант қаза болды

31 қаӊтар күні Қапшағай қаласыныӊ Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты 32363 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша сақшы қызметін атқарып жүрген 1992 жылы туылған кіші сержант Асхат Қазақпаев постта басынан жарақат алған күйінде табылды

Алматы. 1 ақпан. Kazakhstan Today - 31 қаӊтар күні Қапшағай қаласыныӊ Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты 32363 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша сақшы қызметін атқарып жүрген 1992 жылы туылған кіші сержант Асхат Қазақпаев постта басынан жарақат алған күйінде табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қайтыс болуыныӊ себебін анықтау барысында қаза болған сақшыны ауыстыруға келген келісімшарт бойынша кіші сержант Константин Каминскийдіӊ тауып алғаны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша Асхат Қазақпаевтыӊ телефон арқылы 2 хабарлама жібергені анықталды. Оныӊ бірі - туыс қарындасыныӊ күйеуіне жіберілген. Хабарлама мәтіні мынадай: "Туыстарым, барлығы үшін мені кешіріӊіздер, ешкімді кінәлаудыӊ қажеті жоқ, мен жоспарлап, осылай шешуге бел будым. Мені кешіріӊіздер. Анама бас-көз болыӊыздар. Мен барлықтарыӊды қатты жақсы көремін". Екінші хабарламаны Исмаилова Гүлсара есімді қызына жіберген, ондағы хабарлама мәтінінде былай делінген: "Өтінемін кешір мені, мен осылай болғанын қаладым".

Полиция қызметкерлеріне мәлім болғандай, қыздыӊ айтуы бойынша кіші сержант Қазақпаев қаржылық проблемалары бар анасыныӊ несиесін төлеп келген. Одан басқа, қайтыс болған жігіттіӊ туыс інісініӊ берген ақпараты бойынша ол демалыс кезінде екі рет асылу және күре тамырын кесу арқылы өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Бұныӊ бәріне анасы екеуініӊ арасындағы ұрыс-керіс себеп болуы мүмкін.

Искери бөлімде қайтыс болған әскери қызметшіге жақсы мінездеме беріп отыр. Қаруластарыныӊ айтуынша, кіші сержант Қазақпаев командирлермен және жеке құраммен ұрыс-керіске бармаған.

Қазіргі уақытта осы іс бойынша тергеу жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны