13.01.2015, 16:55 5929

Аэроұтқыр әскерлерініӊ мергендер даярлығы өтеді

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар басталды. 2015 жылғы 13 қаӊтар мен 8 ақпан аралығында "Көктал" (Жаркент гарнизоны) полигонында Аэроұтқыр әскерлері мергендерініӊ даярлығы өтеді.

Астана. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар басталды. 2015 жылғы 13 қаӊтар мен 8 ақпан аралығында "Көктал" (Жаркент гарнизоны) полигонында Аэроұтқыр әскерлері мергендерініӊ даярлығы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Күрделі ауа райы мен климаттық жағдайға қарамастан, Жаркент гарнизоныныӊ "Көктал" полигонында Аэроұтқыр әскерлері мергендерініӊ іс-қимылын пысықтауға арналған оқу сабақтары өтеді? деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметінен.

Бұл сабақтарда негізінен "шусыз соғыстарды" жүргізу мәселесіне баса көӊіл аударылатын болады. Қазіргі заманғы соғыстар мен қарулы қақтығыстар тарихы көрсеткендей, көбінесе осы өнер шешуші маӊызға ие.

Сабақтардыӊ негізгі мақсаты - мергендер бөлімшелерініӊ жеке құрамына даярлық тәжірибесін, ұрыс қимылдарын жүргізу және қысқы жағдайда бүркемелеу тәртібін үйрету.

Полигондағы сабақтарға Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысыныӊ жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Руслан Мұздыбаев жетекшілік жасайды. Қызмет жылдарында ол офицерлік құрамныӊ барлық буынынан өткен, тәжірибе алмасу үшін шетелдерде болған офицер. Бірнеше мәрте халықаралық деӊгейдегі оқу-жаттығуларға жетекшілік жасаған. Сонымен қатар, жиын барысында атыс даярлығы, тактика, инженерлік даярлық, топография, медициналық даярлық байланыс және тау даярлығы бойынша сабақтар өткізіледі.

Мергендермен жауынгерлік даярлық бойынша кешенді сабақтар өткізу бірлескен іс-қимылдар үшін жақсы мектеп және қойылған міндеттерді табысты орындауға кепіл болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны