03.02.2015, 17:58 4041

Аэроұтқыр әскерлерініӊ мергендері шеберліктерін шыӊдауда

Жаркенттегі "Көктал" полигонында ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері мергендерініӊ жиындары жалғасуда. Аталмыш жиынныӊ ерекшелігі - оған Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерініӊ әскери қызметшілерімен қатар Қырғызстан Республикасыныӊ 5 мергені қатысуда

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Жаркенттегі "Көктал" полигонында ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері мергендерініӊ жиындары жалғасуда. Аталмыш жиынныӊ ерекшелігі - оған Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерініӊ әскери қызметшілерімен қатар Қырғызстан Республикасыныӊ 5 мергені қатысуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгінгі оқшауланаған соғыстар мен қарулы қақтығыстар мергендердіӊ маӊыздылығы көрсетеді: олар алыс қашықтықта атыс жүргізіп, өздерініӊ орналасқан жерлерін білдірмей нысаналарға дәлдікпен тигізу сияқты қабілеттері оларды таулы және жергілікті жерде таптырмайтын мамандарға айналдырады. Сондықтан да, жиынныӊ басты мақсаты - мергендік іс шеберлерініӊ кәсіби біліктіліктерін арттырып, оларды оқыту әдістерін жетілдіру", - деді Құрлық әскерлерініӊ бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Искери қызметшілердіӊ іс жүзіндегі әрекеттерін пысықтау үлкен қызығушылық туғызады. Атап айтқанда, мергендердіӊ атуыныӊ шынайы нәтижелері олардыӊ біліктіліктері мен шеберліктерін көрсетеді. Сонымен бірге атыс даярлығымен қатар мергендердіӊ таулы жерлерде әрекет етулері, жергілікті жерде күндіз және түнгі мезгілде бағдарлай білуі, өз бетінше байланыс орната алуы, атыс жүргізу үшін өзіне ыӊғайлы позиция таӊдап, сол жерді жабдықтай білуі жетілдіріледі.

Жиын барысында әзірше: атыс даярлығында - 3 сыныпты сержант П.Степанов (32363 ә/б), әскери топографияда - 3 сыныпты сержант А.Пономаренко (18404 ә/б), инженерлік даярлықта - аға сержант Г.Блинов (61993 ә/б), таулы жерде әрекет ету даярлығында - аға сержант М.Жақыпбеков (48386 ә/б), тактикалық даярлықта - 3 сыныпты сержант Н.Ахметовтер (48386 ә/б) жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Жиынға қатысушылардыӊ халықаралық құрамы мамандар арасында тәжірибе алмасуды көздейді. Өз істерініӊ шынайы кәсіпқойы ретінде, мергендер бір-бірімен өздерініӊ кәсіби шеберліктерініӊ құпияларымен, ал командирлер және олардыӊ жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасарлары - мергендерді даярлау және оқыту сырларымен бөлімеді.

Аталған жиын ағымдағы жылдыӊ 8 ақпанында аяқталады. Жиын соӊында қорытынды сынақтар өтіп, қатысушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар табыс етіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны