06.06.2008, 15:33 2936

"АЭС-Екібастұз" ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысына электр қуатын беруді доғарды

"АЭС-Екібастұз" ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысына электр қуатын беруді доғарды

Шымкент. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Келісім-шартындағы міндеттемелерге қарамастан, "АЭС-Екібастұз" ЖШС 4 маусымнан бастап Оңтүстік Қазақстан облысына электр қуатын беруді доғарды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Оңтүстік жарық" ЖШС бас директоры Ғани Жауторғаев мәлімдеді.

Біз себебін біле алмай отырмыз. Ешкіммен байланысқа шыға алмадық. Телефондар мен фактер жауап бермейді. Біз Екібастұзға адам жібердік", -деді Ғ. Жауторғаев.

Оның айтуынша, "АЭС-Екібастұз" ЖШС - солтүстіктегі энергетикалық компаниялардан Оңтүстік Қазақстан облысына электр энергиясын беретін жалғыз компания.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны