28.03.2013, 13:01 3291

Афины қаласының орталығында жарылыс болды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, әйгілі Акрополь маңында болған лаңкестік оқиға Тсакос кеме компаниясы иесіне қарсы ұйымдастырылуы мүмкін. Себебі жарылыс дәл Тсакостың үйінің жанында болды.

Астана. 28-наурыз. Kazakhstan Today - Афины қаласының орталығында жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, әйгілі Акрополь маңында болған лаңкестік оқиға Тсакос кеме компаниясы иесіне қарсы ұйымдастырылуы мүмкін. Себебі жарылыс дәл Тсакостың үйінің жанында болды.

Изірге бұл оқиғаны ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. Полиция мән-жайды анықтауда. Алайда олар жарылыстан жарты сағат бұрын белгісіз біреудің жергілікті басылымның редакциясына хабарласқанын мәлімдеді. Соның арқасында құтқарушы топ тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерді. Жарақат алғандар туралы әзірге мәлімет жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны