23.02.2011, 18:12 4750

Африкадағы төңкеріс ЕО қауіп төндіреді

Африкадағы төңкеріс ЕО қауіп төндіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 23 - ақпан. Kazakhstan Today - Африкадағы төңкеріс ЕО қауіп төндіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Еуропа Ливиядағы тәртіпсіздіктердің алғашқы құрбандарының бірі болуы мүмкін.

Солтүстік Африка мемлекеті ұзақ уақыт бойы үшінші әлем елдерінен шыққан босқындардың жолына негізгі тосқауыл ретінде саналды. Ливиядағы тәртіпсіздіктер халықты үйіріп әкетуі мүмкін.

Италия қазірдің өзінде Тунистегі дағдарыстың салдарын сезіне бастады. Сарапшылар оқиғаның одан әрі белең алуына қатысты жағымды болжам жасап отырған жоқ, деп жазады Вести.Ру.

"Жағымсыз жаңалықтардың қатары күн санап көбеюде, Тунис пен Мысырды жайлаған тәртіпсіздіктер, енді міне Ливияға да жетіп отыр. Солтүстік Африка Еуропа мен Африка құрлығы арасындағы аралық ретінде есептелініп келсе, енді бұл аралық жоқ. Еуропа көшбасшылары барынша етек-жеңін қымтауда, бірақ халықтың жаппай шеруіне төтеп беру мүмкін емес нәрсе", - деп түсініктеме береді итальяндық журналист, әрі саяси қайраткер Джульетто Кьеза.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны