14.12.2018, 19:28 4646

Ағымдағы жылдыӊ 10 айында Кентау қаласы бойынша 7 көп қабатты тұрғын үй кешенініӊ құрылыс жұмыстары жүргізілді

Кентау қаласында ағымдағы жылдыӊ 10 айында пайдалануға берілген тұрғын үйдіӊ жалпы алаӊы 27 486 шаршы метрді құрап, өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 167 пайыз артты. Жалпы шаһарда жыл сайын 100-ден аса пәтер ел игілігіне тапсырылады.

Түркістан. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Кентау қаласында ағымдағы жылдыӊ 10 айында пайдалануға берілген тұрғын үйдіӊ жалпы алаӊы 27 486 шаршы метрді құрап, өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 167 пайыз артты. Жалпы шаһарда жыл сайын 100-ден аса пәтер ел игілігіне тапсырылады. Бұл туралы Түркістан облысы өӊірлік коммуникациялар қызметінде Кентау қаласыныӊ әкімі Ибдібақыт Мақұлбаев мәлім етті.

"Ағымдағы жылдыӊ 10 айында Кентау қаласы бойынша 7 көп қабатты тұрғын үй кешенініӊ құрылыс жұмыстары жүргізілді. Оныӊ ішінде 2 нысан, атап айтқанда жалпы құны 898 млн.теӊгелік ауданы 7294 шаршы метрді құрайтын 120 пәтер қараша айында толығымен қабылданып, пайдалануға берілді. 5 нысан (300 пәтер 2 млрд. 340,8 млн.теӊге, ауданы 16 620 ш.м.) 2019 жылға өтпелі. Көпқабатты тұрғын үй кешенініӊ жалпы сметалық құны 3 238,8 млн.теӊгені құрайды", - деді Ибдібақыт Тілләбайұлы.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы 5 дана 2 қабатты қызметтік үй құрылысы басталып, жыл соӊына дейін пайдалануға тапсырылады. Ондағы пәтерлер саны - 54, жалпы ауданы - 2296,84 шаршы метр. Сондай-ақ, 10 дана 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдіӊ жобасы әзірленіп, 2019 жылы құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Ондағы пәтер саны - 600, ал жалпы ауданы -33 470 шаршы метрді құрайды.

Айта кетерлігі, Кентау қаласында Елбасы тапсырмасын сәйкес, коммуналдық төлем бағалары айтарлықтай төмендеген. Мәселен, ауыз-су - 9-11 пайызға, қоқыс шығару - 9-10 пайызға, жылу -24 пайызға арзандап отыр.

"Қаладағы 334 көп қабатты, 2121 жеке тұрғын үй және 102 бюджеттік мекеме толық орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілуде. Станцияныӊ қатты отын қорын жасақтауға бюджет есебінен 497,7 млн. теӊгеге 49334,9 тонна қатты отын алынып, тасымалданды.

Инфрақұрылым бойынша Кентау қаласы және оған қарасты ауыл тұрғындары 24 сағат, Ащысай ауылы ғана 12 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен жалпы құны 1003,2 млн.теӊге қаржы қаралып, жұмыстар атқарылуда. Қаланыӊ 5 ішкі көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 58 млн.теӊге бөлініп, 2,5 шақырым жол жөнделді. Сондай-ақ, 27,6 млн.теӊгеге көпқабатты тұрғын үйлердіӊ аулаларындағы 9,1 шаршы метр жол жөндеуден өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны