11.11.2018, 23:00 8435

Ағымдағы жылдыӊ 14 қараша күні Қазақстан бойынша латын әліпбиінде онлайн режимінде диктант жазылып, бүкілхалықтық қолдау көрсетілмек

Түркістан қаласына "Латын негізді әліпби мен емле ережесі туралы насихат" жобасы бойынша ғалымдардан құралған насихаттық топ келді.

Түркістан. 11 қараша. Kazakhstan Today -Түркістан қаласына "Латын негізді әліпби мен емле ережесі туралы насихат" жобасы бойынша ғалымдардан құралған насихаттық топ келді. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, Назарбаев Университетініӊ профессоры Жазира Ағабекқызы бастаған топ әуелі Түркістан облысы әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесті. Басқосуда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті және Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығыныӊ ұйымдастыруымен облыста өтетін семинарлар барысы баяндалды.

Кейін насихаттық топ Түркістан облысыныӊ өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте латын әліпбиініӊ мән-маӊызы мен емле-ережесіне кеӊірек тоқталды.

"Қазіргі таӊда emle.kz сайты жұмыс істейді. Онда барлық азаматтар латын әліпбиімен танысып, ұсыныс-тілектерін жолдай алады. Латын әліпбиі біздіӊ тарихымызда болған. Сондықтан қайта оралу қиынға соқпайды. Жаӊа жасақталған латын әліпбиі арқылы біз сырттан сөз алғанда өзіміздіӊ төл дыбыстарымызға реттеп алатын боламыз. Бұл Байтұрсынов сынды қайраткерлеріміздіӊ бастамасы", - деді Оразкүл Асанғазықызы.

Баспасөз мәслихатында ғалым Жазира Ағабекова жаӊа әліпби 2019 жылдан басталып кезеӊ-кезеӊімен сатылап енгізілетінін айтты.

"Қазіргі кириллицамен айтылып жүрген сөздер алдағы уақытта төл дыбыстарымызбен оқылатын болады. Біз осылай ұлттық артикуляциямызды сақтауымыз қажет. Алдағы уақытта оқу орталықтары мен тіл басқармалары жанынан оқыту және біліктілікті арттыру курстары ашылып, мектеп, жоғары оқу орындары мен мемлекеттік қызмет саласында 2025 жылға дейін сатылап енгізілетін болады. Сондай-ақ, алдағы уақытта жаӊа емле бойынша орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер жасалады", - деді Жазира Ағабекқызы.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылдыӊ 14 қараша күні Қазақстан бойынша латын әліпбиінде онлайн режимінде диктант жазылып, бүкілхалықтық қолдау көрсетілмек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны