04.08.2015, 10:39 3048

Ағымдағы жылдыӊ 1 тамызында Астана қаласы ІІД-на дене жарақаттарын келтіру фактісі бойынша 27-жасар екі азамат арызданды.

Зардап шегушілердіӊ айтуынша, Астана-Шымкент бағытында жүретін жекеменшік автобус жүргізушісіне екі орынға ақша төлеп, содан кейін ақша бағасын жоғары деп есептегендіктен, одан ақшаны қайтарып беруді сұраған.

Астана. 4 Тамыз. Kazakhstan Today - Зардап шегушілердіӊ айтуынша, Астана-Шымкент бағытында жүретін жекеменшік автобус жүргізушісіне екі орынға ақша төлеп, содан кейін ақша бағасын жоғары деп есептегендіктен, одан ақшаны қайтарып беруді сұраған. Осыдан кейін екі арада кикілжіӊ туындап, жүргізушініӊ танысы оларға жарақат келтірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталмыш факт бойынша РҚ ҚК-ніӊ 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталынып, соныӊ шеӊберінде тергеу амалдары жүргізіліп, дене жарақаттарын келтірген 19 жасар ОҚО тұрғыны ұсталып, тергеу жалғасуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны