18.04.2016, 11:57 3551

Ағымдағы жылдыӊ басынан бастап Қазақстанда жұмыс орындарын сақтау бойынша 30,2 мыӊнан астам келісім жасалды

2016 жылғы 18 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, жұмыс орындарын сақтау бойынша облыс әкімдіктері, Астана, Алматы қалаларымен, жұмыс берушілер және өндіріс орындарыныӊ кәсіподақтарымен өзара ынтымақтастық туралы 30 207 меморандум жасалды. Бұл халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздық көрсеткішініӊ ұлғайып кетпеуіне мүмкіндік берді

Астана. 18 сәуір. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 18 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, жұмыс орындарын сақтау бойынша облыс әкімдіктері, Астана, Алматы қалаларымен, жұмыс берушілер және өндіріс орындарыныӊ кәсіподақтарымен өзара ынтымақтастық туралы 30 207 меморандум жасалды. Бұл халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздық көрсеткішініӊ ұлғайып кетпеуіне мүмкіндік берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өткен жылдыӊ басынан бастап 2,4 млн. жұмысшыларды қамтыған 105 557-ге жуық меморандумға қол қойылды.

Қол қойылған келісімдер 1,9 мыӊға жуық ірі кәсіпорындарды (жалпы көрсеткіштіӊ 83%-ы), 103,9 мыӊнан аса орта және шағын кәсіпорындарды (жалпы көрсеткіштіӊ 59%-ы) қамтыды.

Аймақтар бойынша меморандумдардыӊ басым көпшілігі Қостанай және Ақмола облыстарыныӊ кәсіпорындарымен жасалды. Қостанай облысында жұмысшылар саны 166,5 мыӊ адамды құрайтын 6 мыӊ 323 кәсіпорынмен келісім жасалды. Ақмола облысында 90,1 мыӊнан аса қызметкері бар 4 мыӊ 789 ұйыммен меморандум жасалды.

Естеріӊізге сала кетейік, Мемлекет басшысыныӊ 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаӊа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жұмыссыздыққа жол бермеу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ДСИДМ тұрақты түрде жұмыс орындарын сақтау мен азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша белсенді шаралар жүргізіп келеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны