10.12.2018, 01:16 6059

Ағымдағы жылдыӊ басынан бері Қарағандыда 150 фактіден аса интернет алаяқтығы тіркелген

Азаматтар кірістерді растаусыз, аз уақыттыӊ ішінде кіші несиелерді рәсімдеу, түрлі тауарларды: автомобильдер, авто бөлшектер, киімдер мен тондарды қолжетімді бағамен сатып алу үшін "Qiwi кошелек" терминалдары, банктердіӊ шоттары арқылы белгілі бір сомадағы ақшалай қаражаттарды аударған.

Қарағанды. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today -Ағымдағы жылдыӊ басынан бері Қарағанды қаласыныӊ полиция басқармасыныӊ Оӊтүстік-шығыс полиция бөлімінде 150 фактіден аса интернет алаяқтығы тіркелген.

Азаматтар кірістерді растаусыз, аз уақыттыӊ ішінде кіші несиелерді рәсімдеу, түрлі тауарларды: автомобильдер, авто бөлшектер, киімдер мен тондарды қолжетімді бағамен сатып алу үшін "Qiwi кошелек" терминалдары, банктердіӊ шоттары арқылы белгілі бір сомадағы ақшалай қаражаттарды аударған.

Практика мұндай қылмыс түрлерін жасау кезінде алаяқтар азаматтарды алдау тәсілдері мен түрлерін ерекшелендіретінін көрсеткен. Ал бұл құқық қорғау органдарыныӊ осы қылмыс түрін ашуын қиындыққа әкеліп соқтырады.

Қарағанды қаласыныӊ ПБ Оӊтүстік-шығыс полиция бөлімініӊ полицейлері Интернет қолданушыларына, жасасқан келісіміӊіз заӊды екеніне күдіктенген болсаӊыз, алдын ала төлем жасау қағидасымен қандай да бір қаражаттарды аудармауға және төлемеуге кеӊес береді. Егер Сізде тауарды немесе қандай да бір келісімді интернет арқылы жүзеге асыру қажеттілігі туындаса, интернетке жүктелген ақпараттыӊ растығын тексеру үшін бірқатар тәсілдер бар:

1. скайп арқылы бейне қоӊырау соғу жолымен тауардыӊ барлығына көз жеткізу;

2. тауар басқа қалада болса, сатылымды растау үшін сонда таныс немесе туыс адамды жіберу арқылы;

3. сатушымен тауарды алғаннан кейін төлем жасау мүмкіндігін келісу. Егер сатушы кездесуден бас тартып немесе қашқақтайтын болса, онда Сіздіӊ алаяқ құрбанына айналу мүмкіндігіӊіз зор.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны