13.06.2013, 09:50 2810

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі асқынған ішек инфекцияларымен ауыру 15,7%-ға төмендегені байқалған

Қазақстанда жылдың басынан бастап 5 айдың ішінде асқынған ішек инфекциясымен ауыру деңгейінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға төмендегені байқалған, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитеті төрағасының орынбасары Айжан Есмағамбетова.

Астана. 13-маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі асқынған ішек инфекцияларымен ауыру 15,7%-ға төмендегені байқалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда жылдың басынан бастап 5 айдың ішінде асқынған ішек инфекциясымен ауыру деңгейінің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға төмендегені байқалған, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық комитеті төрағасының орынбасары Айжан Есмағамбетова.

"Ағымдағы 5 айда өткен жылмен салыстырғанда асқынған ішек инфекциясымен ауыры жалпы алғанда еліміз бойынша 15,7%-ға төмендеген", - деді А.Есмағамбетова.

Сонымен қатар, ол санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылау шеңберінде апта сайын су, азық-түлік және жер сияқты қоршаған орта нысандарының жағдайын зертханалық қадағалау жүргізілетінін атап өтті.

Осылайша, Комитет басшысының орынбасарының айтуынша, ерте піскен жеміс-жидек өнімдерін сату маусымынан бастап жеміс-жидектердің 5 мыңнан астам сынамасы зерттелген, оған қоса сынамалардың 2,3%-ның құрамында нитрат мөлшерінің шектен тыс көп болуы байқалған.

Незінен алғанда сапасы төмен өнімдер Қытайдан, Өзбекстаннан, Ресейден, Литвадан, сонымен бірге Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан әкелінеді.

Және де, асқынған ішек инфекцияларымен ауырудың алдын алу аясында сауда нысандарын тексеру барысында 100 тоннадан астам азық-түлік тұтынуға жарамсыз деп табылды.

Комитеттің мәліметінше, 43 тоннаға жуық сүт және сүт өнімдері, 14 тонна ет және 10 тонна кондитерлік өнім жарамсыз деп танылып, жойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны