09.02.2012, 16:10 3766

Ағымдағы жылы Астанада құны 16 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылады

"Индустриялық-инновациялық даму қала экономикасының басты сегменті. Бүгінгі күні жалпы құны 200 млрд. теңге болатын 50 инвестициялық жоба мақұлданды. Жоспарда тұрған 50 инвестициялық жобаның 10 нысаны салынып жатыр. 2012 жылы инвестицилық құны 16 млрд. теңге болатын 5 жоба іске қосылады. Олар қалада қосымша 5 мың жұмыс орнын қамтамасыз етіп, жылына 5 млрд. теңге салық және 40 млрд. теңгенің өнімін береді", - деп атап өтті И. Тасмағамбетов.

Астана. 9-ақпан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы Астанада құны 16 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов тұрғындармен есептік кездесуінде мәлім етті.

"Индустриялық-инновациялық даму қала экономикасының басты сегменті. Бүгінгі күні жалпы құны 200 млрд. теңге болатын 50 инвестициялық жоба мақұлданды. Жоспарда тұрған 50 инвестициялық жобаның 10 нысаны салынып жатыр. 2012 жылы инвестицилық құны 16 млрд. теңге болатын 5 жоба іске қосылады. Олар қалада қосымша 5 мың жұмыс орнын қамтамасыз етіп, жылына 5 млрд. теңге салық және 40 млрд. теңгенің өнімін береді", - деп атап өтті И. Тасмағамбетов.

"Инновацияны енгізу шарттарын жетілдіру үшін қалада "Астана-Инновейшенс" құрылымы пайда болды. Бұл әлемдік іргері орталықтардың үлгісінде құрылған инновациялық хаб. Ол бизнес-инкубациялау, венчурлық қаржыландыру және технологиялар трансферті қызметтерін қамтиды. Тағы бір атап өтейін - бізге жаңашылдыққа сүйену қажет. Инновацияны ең басты орынға қоюымыз қажет", - деп түйіндеді сөзін қала әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны