02.02.2012, 09:46 3807

Ағымдағы жылы Қазақстанның 537 мектебіне "E-learning" жүйесі енгізілетін болады

Білім және ғылым министрлігі электрондық оқытуды енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директоры Амантай Нұрмағамбетов мәлім етті.

Астана. 2-ақпан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы Қазақстанның 537 мектебіне "E-learning" жүйесі енгізілетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Білім және ғылым министрлігі электрондық оқытуды енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директоры Амантай Нұрмағамбетов мәлім етті.

"Біз электрондық оқыту үдерісінің оқушыларды дайындау сапасына қатысты әлемдік тәжірибені зерттедік. Өткен жылдан бастап Қарағанды облысында, Алматы және Астана қалаларында 44 білім ошағында осы жоба қолға алынды. Ал ағымдағы жылы осы жүйеге 537 мектепті қосу, ал 2013 жылы - 900 мектепті қосу жоспарланып отыр", - деді Амантай Нұрмағамбетов.

Шенеуніктің айтуынша, 2015 жылға қарай білім ошақтарының тең жартысы, ал 2020 жылға дейін -90% жуығы "E-learning" жүйесіне қосылатын болалы. "E-learning" жүйесі енгізілгеннен кейін, оқу процесін басқару ауысады. Сандық білім ресурстарын қолдану оқушылардың сабақ процесіне, бағдарламаны игеруге деген ықыластарын арттырып, соның арқасында білімнің сапасы да арта түспек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны