10.08.2017, 19:13 4512

Ағымдағы жылы Жамбыл облысында 11275 га жер өртенген

Бұл туралы Жамбыл облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы Қойбақов Серік Мамыртайұлы айтып өтті.

Тараз. 10 тамыз. Kazakhstan Today - Бұл туралы Жамбыл облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы Қойбақов Серік Мамыртайұлы айтып өтті.

Серік Мамыртайұлыныӊ өз баяндамасында, орман қоры аумағындағы 614 орман пайдаланушылармен өртке қарсы күрес шараларын ұйымдастыру жөнінде келісім-шарттар жасалып, олардыӊ жауапкершіліктері атап көрсетіліп, жоғары талаптар қойылды.

2017 жылдыӊ 10 сәуір айынан бастап Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетініӊ "Қазақ Авиациалық Орман Күзету" мекемесініӊ 1 ұшағы мен 1 тікұшағы арқылы облыс орман қорыныӊ 3,2 миллион гектары әуеден күзетілді. "Ұлттық ғарыш сапары" акционерлік қоғамы арқылы облыстағы дала және орман өрттері бақылауына мониторинг жүргізілуде. Ағымдағы жылдыӊ 1 маусымынан 20 қыркүйегіне дейін "Жеке тұлғалардыӊ мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы" Жамбыл облысы әкімдігініӊ 2017 жылға қаулысы қабылданды. Облыс әкімдігініӊ төтенше жағдайлар комиссиясыныӊ төрағасымен 2017 жылы 6 маусымындағы Қазақстан Республикасымен Қырғыз Республикасыныӊ трансшекаралық аумақта, табиғи өртті сөндіруге сәйкес өрт-тактикалық оқу жаттығу өткізу бойынша бекітілген нұсқаулығын басшылыққа ала отырып, ағымдағы жылдыӊ 9 маусымында үлкен көлемді оқу-тәжірибелік жаттығу өткізілді. Облыстық орман қоры жерінде 4 орман өрті 11275 га жерде тіркелінді. Ағымдағы жылдыӊ 23 маусым күні сағат 10 Қосқұдық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесініӊ орман қорында найзағайдыӊ әсерінен орман өрті байқалды. Ауа-райыныӊ ыстығы +39 градус, және желдіӊ жылдамдығы 23-25 м/с болғандықтан орман өрті үлкен көлемге ұлғайып Мойынқұм мемлекеттік мекемесініӊ жеріне кірді. Өрт өшіруге 121 адам, 28 техника , оныӊ ішінде 12 трактор соқасымен қатысты. Өрт 24 маусым сағат 0400 оқшауланды (локализовано). 26 маусым 2017 жылы сағат 19-00 толығымен жойылды. Өрттіӊ үлкен көлемге ұлғаюы: ауа райыныӊ ыстықтығы, желдіӊ қатты тұруы, радиобайланыстыӊ төмен деӊгейі және аудан көлемінде көмектескен техниканыӊ (трактор соқасымен) аздығынан болған.

Бүгінгі таӊда Мойынқұм, Қосқұдық, Жуалы және Байзақ аудандарында орын алған өртке қызметтік тексеру материалдары ішкі істер органдарына жіберілді. Орман қорында өрт жіберген үшін Қосқұдық мемлекеттік мекемесініӊ директоры Н. Нұрмолдаевқа, Жуалы мемлекеттік мекемесініӊ директоры А. Муртазаевқа қатаӊ сөгіс, Байзақ мемлекеттік мекемесі директорыныӊ м. а. Қ. Жасұзақовқа және Мойынқұм мемлекеттік мекемесі директорыныӊ м. а. К. Абайға сөгіс берілді.

Қазіргі таӊда басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелердіӊ мамандары орман қорына өрт жібермеу мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, тиісті іс-шаралар жасалынып жұмыс атқарылуда.

Өрт қауіпсіздік іс-шараларыныӊ орындалуы басқарманыӊ тұрақты назарында және бақылауында,- деді басқарма басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны