11.12.2012, 11:54 3064

Ағымдағы жылы Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушылар саны 66% артып, 100 мың адамға жетті

"Биыл Бағдарламаға қатысуға өтініш бергендар саны былтырғыға қарағанда 65% артық әрі әлеуметтік келісімдер 70% көп жасалған", - деді С.Ибденов.

Астана. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысушылар саны 66% артып, 100 мың адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Ибденов ҚР Үкіметінің отырысында мәлім етті.

"Биыл Бағдарламаға қатысуға өтініш бергендар саны былтырғыға қарағанда 65% артық әрі әлеуметтік келісімдер 70% көп жасалған", - деді С.Ибденов.

Еңбек министрлігінің ақпарына қарағанда, 11 ай ішінде бағдарлама қатысушыларының құрамы 100 мың адамға толыққан. Сөйтіп, биыл Бағдарлама жұмыссыздарды, аз қамтылған және өз бетімен күн көрушілерді екі есе көп қамтыған.

Ведомство басшысының айтуынша, өңірлерде шағын несие алушылар саны 4 еседен аса көбейіп, 1,4 мың адамнан 6,2 мың адамға дейін жеткен.

"Кәсіби оқумен барлығы 63 мың адам қамтылған. Жұмысқа орналастыру көрсеткіші едәуір артты. Биыл жұмыссыздардың 82% жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, Бағдарламаға тартылған жұмыс берушілер саны 4 есе артты", - деді министр.

Сонымен қатар, жұмыс берушілерге жастар практикасына қатысатын жастар мен оқу орындарын өздері таңдап алуларына мүмкіндік берілуде.

"Бұл оқу үрдісін жұмыс берушінің нақты сұраныстарына қарай ұйымдастыруға, жастардың өндірістік тәжірибеден өтуіне және кейіннен Бағдарлама қатысушыларын тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етуге жағдай жасайды", - деп қорытындылады сөзін С.Ибденов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны