19.09.2018, 16:18 5030

Ағынды суларды тазарту бойынша талаптарын сақтамаған 37 ақтөбелік кәсіпорын орталық кәріз жүйесінен ажыратылды

Ағымдағы жылы кәріз жүйесіне суды жіберу кезінде зиянды заттарды бірнеше рет арттырғаны үшін 37 кәсіпорын біздіӊ қызметтерді пайдалану мүмкіндігінен айырылды

Ақтөбе. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағынды суларды тазарту бойынша талаптарын сақтамаған 37 ақтөбелік кәсіпорын орталық кәріз жүйесінен ажыратылды.

Бұл туралы Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында "Ақбұлақ" АҚ вице-президенті Тимур Бабанаев мәлімдеді.

Оныӊ айтуынша, коммуналдық кәсіпорын қаланыӊ әуе бассейні айналасындағы қолайсыз жағдайды сондай-ақ, Ақтөбе қаласыныӊ су айдынында газдыӊ жиналуына байланысты тұрғындардыӊ көптеген шағымдарын ескере отырып, кәсіпорынныӊ су құбыры және кәріз шаруашылығы нысандарында болуы мүмкін жағымсыз әсерді төмендету үшін барлық шараларды қабылдауда.

Спикердіӊ айтуынша "Ақбұлақ" АҚ қаладағы жағымсыз иістіӊ көзі бола алмайтынын атап өтті, себебі компания орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған тұрғындар мен қалалық ұйымдардан ағынды суларды алу және тасымалдау жұмыстарымен айналысады.

"Бұныӊ алғашқы себебі -абоненттердіӊ төккен ағындары. Зиянды заттардыӊ рұқсат етілген концентрациясыныӊ белгіленген нормалары бар. Бұл көрсеткіш шамадан тыс көтерілгенде, өӊделмеген ағын сулар тазарту қондырғысына жеткізіледі. Бұл тұрғыда біз ластаушы кәсіпорындармен жұмысымызды күшейттік. Жалпы, 308 кәсіпорын өндірістік-зертханалық бақылаумен қамтылды. Биылғы жылдыӊ 8 айы ішінде 1514 сынама алынса, оныӊ қорытындысы бойынша зиянды заттардыӊ рұқсат етілген концентрациясы 428-ден асты ", - деді Тимур Бабанаев.

Сондай-ақ, азық-түлік кәсіпорындарында май тұтқыштарды орнату немесе қайта жаӊарту жұмысы жаӊартылды. Барлығы 136 май тұтқыш орнатылған болса, оныӊ 61-і жыл басында қондырылған.

"Ағымдағы жылы кәріз жүйесіне суды жіберу кезінде зиянды заттарды бірнеше рет арттырғаны үшін 37 кәсіпорын біздіӊ қызметтерді пайдалану мүмкіндігінен айырылды. Тек осындай түбегейлі шаралардан кейін ғана оларға жергілікті тазарту құрылыстары, май ұстағыштар мен "Ивказ" катализаторлары орнатылды. Белгісіз жерлерде ағынды суларды рұқсатсыз төгуге келетін болсақ, мобильді топтар әлеуетті учаскелерге мониторинг жүргізіп, осындай фактілерді анықтау үшін жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жүргізіледі. Жыл басынан бері ассенизаторлық машиналармен ағынды суды ағызудыӊ 20 оқиғасы анықталды", - деді компанияныӊ вице-президенті.

Ақтөбе облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны