27.08.2007, 16:53 3171

"Agip KCO" басшыларының үстінен кедендік баж салықтарын төлеуден жалтару деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды (толықтырылған нұсқа)

"Agip KCO" консорциумының бірқатар лауазым иелерінің үстінен кедендік баж салықтары мен алымдарды төлеуден жалтару деректері бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 тамыз. АСТАНА. "Agip KCO" консорциумының бірқатар лауазым иелерінің үстінен кедендік баж салықтары мен алымдарды төлеуден жалтару деректері бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сержан Дуйсебаев хабарлады.

Кеден комитеті бүгін таратқан мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, "Agip KCO" компаниясы республика аумағына жалпы құны 4,9 млн доллар тұратын екі азаматтық тікұшақты уақытша енгізу ережелерін бұзған.

Тікұшақтар 2002-жылғы 25-қаңтардағы және 2003-жылғы 22-мамырдағы екі кедендік декларацияға сәйкес енгізілген. "Кедендік декларациялардың мәліметінше, рәсімдеу барысында тек кедендік алымдар бойынша ғана төлем жасалған. Мерзімдік импорттық баж салығы мен Қосалқы құн салығы "Agip KCO" жобасы босатылуға байланысты шартты ғана төленген", -делінген мәлімдемеде. "Алайда, азаматтық тікұшақтар кедендік декларацияда көрсетілген кедендік режимде республика аумағынан "экспортқа" шығарылған. Ал транспорттық құралды жіберуші және қаржылық мәселелерді реттеуші ретінде "Атырау-Бристоу Ауе Жолы Сервис" ЖШС көрсетілген, - делінген мәтінде.

"Сөйтіп, "Аджип ККО" компаниясының филиалы тарапынан кедендік рәсімдеу барысында "Атырау-Бристоу Ауе Жолы Сервис" ЖШС -іне тауарды уақытша енгізу жөніндегі кедендік режимді бұзуға және мерзімдік импорттық баж салығы мен Қосалқы құн салығынан негізсіз босатуға жол берілген",- делінген комитеттің мәлімдемесінде.

Кедендішілердің алдын-ала мәліметінше, "Аджип ККО" компаниясының филиалының заңсыз әрекеттеріне байланысты республикалық бюджетке келген шығын көлемі 326,5 млн теңге, немесе 2,5 млн доллардан асқан.

Кедендік бақылау комитетіндегілер дәл кімнің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы нақты ақпарат бермей отыр. "Анықтау шараларының аясында тергеу жүргізіліп жатуына байланысты аталған тұлғалардың аты-жөндері жария етілмейді", - деп мәлімдеді брифингте С. Дүйсебаев.

Кедендік комитеттің хабарлауынша, ""Аджип ККО" компаниясының филиалына берілген кедендік режимді пайдалану барысында Қазақстан заңнамасын бұзуға қатысты бұдан басқа да елеулі заң бұзушылықтар анықталған, соның ішінде осы компанияның субмердігерлеріне қатысты да заң бұзушылықтар бар".

Бірақ кедендік бақылау комитетіндкгілер қылмыстық іс қозғалу дерегін операторы "Agip KCO" болып табылатын Қашаған кенішіндегі табиғат қорғау заңнамасын бұзу деректерінің анықталуымен байланыстырмайды". "Бұл оқиғаны консорциумға қарсы науқан ретінде қарастырылмауы үшін біз осындай ресми мәлімдеме жасап отырмыз", - деді С. Дүйсебаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны