17.10.2018, 18:14 4518

"Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасыныӊ орынбасарыныӊ парақорлығы әшкереленді

Қазіргі таӊда, оныӊ қарамағындағы қызметкерлері, яғни Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы филиал басшыларынан берілген сыйақыларды қайтарып беру түріндегі 720 000 теӊге пара алу фактісі анықталды.

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасыныӊ орынбасарыныӊ парақорлығы әшкереленді.

"Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы басқарма төрағасыныӊ орынбасары сыбайлас жемқорлыққа күдіктелуде.

Аталған тұлға қарамағындағы қызметкерлерге есептелген сыйақы көлемініӊ 50 пайызын пара ретінде қызметте жалпы қамқорлығы үшін алып отыру бойынша қылмыстық схема дайындаған.

Қазіргі таӊда, оныӊ қарамағындағы қызметкерлері, яғни Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы филиал басшыларынан берілген сыйақыларды қайтарып беру түріндегі 720 000 теӊге пара алу фактісі анықталды.

Алынған қаржыныӊ жалпы көлемі анықталуда.

Сол күні ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Ағымдағы жылдыӊ 13 қазанында Астана қаласыныӊ мамандандырылған ауданаралық тергеу сотыныӊ санкциясымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны