17.10.2018, 18:11 4059

"Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы облыстық филиалыныӊ басшысы жүйелі түрде пара алған күдікті ретінде танылды

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық бюросы "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы облыстық филиалыныӊ басшысына қатысты жүйелі түрде пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы облыстық филиалыныӊ басшысы жүйелік парақорлықта күдіктелуде.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық бюросы "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы облыстық филиалыныӊ басшысына қатысты жүйелі түрде пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Күдікті 2017-2018 жылдар аралығында кәсіпкерден автокөліктерді жалға алу туралы келісімшартты ұзарту, іс-жүзінде орындалмаған қызметтер үшін жалған атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қою және жалпы қамқорлығы үшін жүйелі түрде пара алып отырғаны анықталды.

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 300 000 теӊгені құрайтын пара алу фактілері анықталған.

Тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны