07.03.2017, 12:07 5196

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетініӊ Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясыныӊ басшысы тағайындалды

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетініӊ Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясыныӊ басшысы тағайындалды

Қызылорда. 7 наурыз. Kazakhstan Today - Облыс әкімініӊ келісімімен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ бұйрығына сәйкес Еркебұлан Бекжанов осы министрліктіӊ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетініӊ Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясыныӊ басшысы лауазымына тағайындалды.

Бекжанов Еркебұлан Маратұлы 1982 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "географ-эколог" және "Болашақ" университетін "заӊгер" мамандықтары бойынша бітірген.

Қызмет жолында жеке сектор мен мемлекеттік қызмет саласында жауапты қызметтер атқарған.

2013 жылдыӊ маусым айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысыныӊ табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны