02.11.2012, 13:39 2960

Air Astana өзінің бірінші Embraer 190 ұшағын меншігіне алды

Иуе лайнеріне бірінші қазақстандық ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімі берілді.

Астана. 2-қараша. Kazakhstan Today - Air Astana өзінің бірінші Embraer 190 ұшағын меншігіне алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Air Astana әуе компаниясының алғаш рет меншігіне сатып алған Embraer 190 үлгісіндегі ұшағы Алматыға 1-қараша күні қонды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Иуе лайнеріне бірінші қазақстандық ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімі берілді.

Ұшақ Бразилиядағы шығарушы зауыттан тікелей жеткізілді, ол Сан-Жозе-дус-Кампус қаласынан 30-қазан күні ұшқан болатын. Жалпы алғанда ұшақ әуеде 20 сағаттан аса болды, Алматыға келер жолда май құйып алу үшін және экпипаж демалып алуы үшін жоспарлы түрде төрт қонды.

Embraer 190 ұшағының техникалық жағдайы мен құжаттамалары Алматыда міндетті түрде тексеріледі, сосын ұшақ кедендік ресімдеуден өтіп, тіркеледі. Содан соң ғана ол рейстерге жіберілетін болады.

Air Astana және Embraer концерні 2011 жылы Embraer 190 екі әуе лайнерін сатып алу туралы келісімге қол қойған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны