25.07.2012, 15:07 2946

Air Astana Үрімшіге қатынайтын рейс санын арттырды

Air Astana компаниясы тамыздың 1-інен бастап Үрімшіге қатынайтын рейстер санын арттырып отыр. Енді аталған бағытқа аптасына 11 рейске дейін ұшатын болады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Алматы. 25-шілде. Kazakhstan Today - Air Astana Үрімшіге қатынайтын рейс санын арттырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Air Astana компаниясы тамыздың 1-інен бастап Үрімшіге қатынайтын рейстер санын арттырып отыр. Енді аталған бағытқа аптасына 11 рейске дейін ұшатын болады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Рейстер Airbus A320 әуе лайнерлерімен жүзеге асырылады. Эконом-класта 132, ал бизнес-класта 16 орын бар.

"Астана-Үрімші бағытына тұңғыш рейс 2009 жылы қараша айында ұшырылған болатын. Ол кезде аптасына 2-ақ рейс қатынайтын. 2010 жылы шілде айында Алматы мен Үрімші арасына аптасына 3 рейс қатынайтын болды. Аталған әуе бағыты ашылғалы бері барлығы 145 мың 516 жолаушы мен 130 тоннадан астам жүк тасымалданған", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны