11.04.2008, 15:27 3398

Аягөз әуежайы 1 мамырдан бастап жабылады

Аягөз әуежайы 1 мамырдан бастап жабылады

Астана. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитеті Шығыс аймақтық көлік прокуратурасының таныстыруын қарау нәтижесінде Аягөз әуежайын пайдалануды 1 мамырдан бастап уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды агенттік Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, "Оңтүстік-Шығыс аймақтық транспорттық прокуратурасының құрылымдық бөлімшесінің тексеруі нәтижесінде Аягөз қалалық әуежайының іс-қызметінен ("Семейавиа" АҚ) әуежайдың жарамдылығы мен авиациялық техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету қызметін сертификаттауда квалификациялық талаптарға сай келмеу деректері анықталды".

"ҚР үкіметінің қаулысымен бекітілген әуежайдың жарамдылығы жөніндегі сертификатты беру мен сертификаттау ережелерінің 13 және 17 бөлімдерін бұза отырып, Аягөз әуежайында жолаушылар, жүк және қол жүкке қызмет көрсететін аэровокзал кешені жоқ болып шыққан", -делінген хабарламада.

"Тиісті аэровокзал кешені жоқ болғандықтан, рейстерге қызмет көрсететін әуежай қызметкерлеріне Аягөз тежір жол бекетінің ғимаратынын орын берілген, алайда, авиакассаны орналастыру жөнінде бекетті меншіктенуші Аягөз аудандық әкімшілігімен жалға алу шарты жасалмаған", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, ҚР үкіметінің қаулысымен бекітілген "Авиациялық қауіпсіздік ережелері" бұзылуда : әуежайда бақылаудағы аймақтар ұйымдастырылмаған, әуежай аумағында орналасқан нысандардың қауіпсіздігін қорғау үшін патрульдер мен стационар посттар болмай шыққан, сондай-ақ, әуежайдың аумағын айнала қоршау тұрғызылмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны