10.02.2015, 19:49 4062

Аягөзде батальон және бөлім дивизиондары сержанттарыныӊ 10 күндік жиыны аяқталды

Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөлімі базасында жыл сайынғы "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы батальон және бөлім дивизиондары сержанттарыныӊ қатысуымен он күндік жиындары аяқталуда. Биыл аталған жиынға 38 әскери қызметші қатысты

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөлімі базасында жыл сайынғы "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығы батальон және бөлім дивизиондары сержанттарыныӊ қатысуымен он күндік жиындары аяқталуда. Биыл аталған жиынға 38 әскери қызметші қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жиынныӊ мақсаты - әскери қызметшілердіӊ білімін, біліктіліктерін, шеберліктерін шыӊдау, сонымен қатар сержанттар арасында тәжірибе алмасу. Жеке құрамдағы тәрбие жұмыстары мен оларды оқыту әдістеріне ерекше көӊіл бөлінді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

10 күн ішінде сержанттар бөлімшелер мен әскерлердіӊ тактикасын жетілдіру ісін меӊгеріп, барлау даярлығынан өтті. Атап айтқанда барлауды жүргізудіӊ әдістерін зерттеп, шартты жаудыӊ әрекеттері туралы ақпаратты талдау жұмыстарын машықтады. Сондай-ақ, әскери қызметшілер атқыштар қару-жарағынан ату ережесі мен әдісін көрсетіп, әскерилерді оқытудыӊ тиімді тәсілдерін талқылады.

Сонымен қатар, жеке құрамды жаппай қырып жою қаруынан қорғау, жаӊа байланыс құралдарын зерделеу, келіссөздер жүргізу ережері меӊгерді. Сержанттар жергілікті жерде (түӊгі және күндізгі уақытта) картамен және картасыз бағдарлау, координаттарды анықтау тәсілдерін көрсетті. Искери қызметшілер қару-жарақпен және қарусыз саптық даярлықтан өтіп, дене шынықтыру, әскери-медициналық және техникалық даярлық жаттығуларын орындады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны