24.04.2018, 13:45 4159

Аягөзде қарғын судан зардап шеккен 13 отбасына баспана кілті табыс етілді

Айта кету керек, осы уақытқа Аягөзде тағы 12 үй бақылау үстінде тұр, ал 15-ініӊ жөндеу мерзімі иелерініӊ қалауымен кейінгі шегерілді.

Өскемен. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Аягөзде қоныс тойы жалғасуда. Бүгін қарғын судан үйлері зардап шеккен тағы 13 отбасына салтанатты түрде пәтер кілттері табыс етілді.

ШҚО-да көктемгі апаттыӊ салдарын жою науқаны қызу. Қазіргі таӊда барлық күш үйлерді, жолдар мен көпірлерді қалпына келтіруге бағытталған. Мәселен, Аягөзде қосымша Семей мен Тарғабатай ауданыныӊ 5 құрылыс компаниясы жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін 118 миллионнан астам теӊгеге 28 отбасына тұрғын үй сатылып алынғаны хабарланған еді. Бүгін олардыӊ қатары 13-ке толықты. Тағы Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы және "NFS Kazakhstan" ЖШС қолдауымен 2 жанұя баспаналы болды.

- Биыл көктем біздіӊ өӊір үшін оӊай болған жоқ. Тасқыннан 2 қала, 5 аудан, 33 елді мекен зардап шекті, - деді салтанатты жиында сөз алған ШҚО әкімініӊ орынбасары Исем Нүсіпова. - Қазіргі таӊда тұрғындарды күнделікті тұрмыстарына қайтару үшін ШҚО-ныӊ барлық күші жұмыла әрекет етуде. Комиссия жұмыс істеп жатыр, қаражат бөлінді. Облыс бойынша 23 құрылыс ұйымы жөндеу-қалпыну келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Айта кету керек, осы уақытқа Аягөзде тағы 12 үй бақылау үстінде тұр, ал 15-ініӊ жөндеу мерзімі иелерініӊ қалауымен кейінгі шегерілді.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны