05.06.2008, 11:13 1417

Аягөзде жергілікті тұрғын екі жас баланы өрттен құтқарып қалды

Аягөзде жергілікті тұрғын екі жас баланы өрттен құтқарып қалды

Семей. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Аягөзде жергілікті тұрғын екі жас баланы өрт кезінде құтқарып қалды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндіру қызметі департаментінің баспасөз қызметінен құлақтандырылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Сегіз пәтерлі барак үйдегі өзінің анасының пәтерінде қонақта болған 32 жастағы Қуаныш Хамзаев үйдің кіреберісінен түтін иісін сезген. Ер адам иістің көрші пәтерден шығып жатқанын анықтаған. Ол сол арада есікті ашпақшы болғанымен есік ашылмаған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өрт сөндіру қызметінің ақпаратына сүйенсек, Қуаныш жедел өрт сөндірушілерді шақырып, өзі сол уақытта пәтердің терезесін сындырып, қою қара түтіннің арасында ес-түссіз еденде жатқан 4 және 2 жастағы екі баланы тапқан.

Қ. Хамзаев балаларды жергілікті ауруханаға алып барған. "Ер адам пәтерден шығысымен оттегі кіргеннен кейін онда өрттің қауіпті жалындары шыға бастады. Осы уақытта жағдайды 50-ші өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері өз бақылауларына алған. Олар 10 минуттың ішінде өртті сөндірген. Сол себепті өрт көрші пәтерлерге жайылып үлгермеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, балалардың жағдайы қанағаттанарлықтай. Медицина қызметкерлерінің атап көрсеткеніндей, оларды жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырып қойған.

Қазіргі уақытта Өрт сөндіру қызметі департаментінің тергеушілері өрттің шығу себептерін анықтауда. Баспасөз қызметінің атап көрсеткеніндей, алғашқы болжамдардың бірі - отты сақ пайдаланбау.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны