13.04.2016, 13:17 4265

Аяқтағы марихуана

Қазақ-өзбек шекарасында орналасқан "Қапланбек-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары 12-сәуір күні кешкі сағат алтыныӊ шамасында қызметтік иттіӊ көмегімен 34 жастағы Қазақстан Республикасыныӊ азаматын ұстады

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақ-өзбек шекарасында орналасқан "Қапланбек-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары 12-сәуір күні кешкі сағат алтыныӊ шамасында қызметтік иттіӊ көмегімен 34 жастағы Қазақстан Республикасыныӊ азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қызметтік ит аталған азаматтыӊ аяқкиімінде есірткініӊ бар екендігін білдірді. Амал жоқ, әлгі азаматтыӊ аяқкиімін шешуіне тура келді. Иттіӊ белгісі тура болып шықты - аяқкиім ішінен 151,3 грамм марихуана шыға келді. Аяғына осылайша есірткі затын жасырып, көршілес Өзбекстанға өте шықпақ болған жерлесіміздіӊ қулығы іске аспай қалды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны