09.02.2010, 16:26 3381

Аязға байланысты Қазақстан мен Алтай аймағы арасындағы автобустар қатынасы тоқтатылды

Аязға байланысты Қазақстан мен Алтай аймағы арасындағы автобустар қатынасы тоқтатылды

Алматы. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Алтай аймағы арасындағы тұрақты автобус рейстерін тоқтата тұруға қырық градустық аяз себеп болды. Бұл туралы бүгін Барнаул қаласының автобекетіндегілер мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Барнаул қаласында бүгін ауаның температурасы минус 40 градусқа дейін төмендеді. Аязға байланысты Өскемен, Павлодар мен Қарағандыға, сондай-ақ, Алтай аймағының бірқатар өңірлеріне рейстер шыққан жоқ. "Дүйсенбіде аязға байланысты шықпаған Семейге дейінгі рейс бүгін кесте бойынша жолға шығады", - деп хабарлайды бекеттегілер.

Алтайдағы аяз 11 ақпанға дейін созылмақ.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскеменде бүгін ауаның температурасы минус 44 градусқа дейін төмендеді.

Мектептер мен кәсіптік мектептерде сабақ тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны