11.02.2010, 16:38 3275

Аязға байланысты үзілген оқыту процессін демалыс уақытын қысқарту есебінен толықтыру балалардың құқығын бұзады - мәжіліс депутаты

Аязға байланысты үзілген оқыту процессін демалыс уақытын қысқарту есебінен толықтыру балалардың құқығын бұзады - мәжіліс депутаты

Павлодар. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Аязға байланысты үзілген оқыту процессін демалыс уақытын қысқарту есебінен толықтыру балалардың құқығын бұзады. Бұл туралы бүгін Павлодарда мәжіліс депутаты Тито Сыздықов журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мұндай аяз болатынын ешкім білген жоқ. Бұл - форс-мажорлық жағдай. Республика бойынша мұндай проблема жоқ. Бұл тек жекелеген аудандар мен елдімекендерге ғана қатысы бар. Аязға байланысты оқыту процессінің үзілуі тек Шығыс Қазақстан, Павлодар, жартылай Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында болды. Оны жергілікті атқарушы билік органдары - әкімдер мен мәслихаттар шешуге тиіс", - деді Т. Сыздықов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны