08.06.2015, 11:43 4119

"Айбын" әскери-патриоттық жиынына алғашқы топ өкілдері келе бастады

Қарағанды облысына қарасты "Спасск" оқу-жаттығу полигонында алғашқы "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысушы өкілдерден құралған делегациялар келе бастады

Қарағанды. 08 Маусым. Kazakhstan Today - Қарағанды облысына қарасты "Спасск" оқу-жаттығу полигонында алғашқы "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысушы өкілдерден құралған делегациялар келе бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қарағанды қаласыныӊ теміржол вокзалына еліміздіӊ батыс өӊірі - Маӊғыстау облысынан "Жас теӊізші" әскери-патриоттық клубы, ал Ақтау қаласынан - Каспий университетініӊ, сондай-ақ Петропавлдан Қозыбаев атындағы СҚМУ әскери кафедрасыныӊ студенттері жиынға бірінші болып келді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жиынға қатысушыларды вокзалда дәстүр бойынша шашу шашып, әскери оркестрдіӊ сүйемелдеуіменқарсы алды. Осыдан кейін жастар мен қыздар "Спасск" оқу-жаттығу орталығына бет алды. Аталған жерде олар далалық лагердіӊ медициналық пунктінде тексеруден өтіп, қыздарды - жатаханаға, жігіттерді - шатырларға орналастырды.

Бүгін Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан, сондай-ақ Астана және Алматыдан қатысушылар келеді деп күтілуде.

Естеріӊізге сала кетсек, ағымдағы жылдыӊ 10 маусымында Қазақстанда алғаш рет Қарағанды облысына қарасты "Спасск" республикалық әскери-патриоттық жиыны басталады. Оған 800-ден астам адам қатысады. Бұл жарыстар тәрбиеленушілердіӊ әскери қызметке даяр болуы үшін жан-жақты дамуын жетілдіру, олардыӊ дене даярлығы мен моралды-психологиялық қасиеттерін арттыру мақсатында өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны