02.12.2015, 12:10 3706

Ийел "қулығы" - ҚР Қылмыс кодексініӊ 392 бабыныӊ 1-бөлігіне жүк

"Мерке" бақылап өткізу пунктініӊ "Сыпатай батыр авто" бөлімшесінде (қазақ-қырғыз шекарасы) үстіміздегі жылғы қарашаныӊ 30 күні кешкілік, сағат 19.15-тер шамасында шекарашылар көрші елден біздіӊ елге қарай жаяу өтіп келе жатқан Қырғыз Республикасыныӊ азаматшасын ұстады

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Мерке" бақылап өткізу пунктініӊ "Сыпатай батыр авто" бөлімшесінде (қазақ-қырғыз шекарасы) үстіміздегі жылғы қарашаныӊ 30 күні кешкілік, сағат 19.15-тер шамасында шекарашылар көрші елден біздіӊ елге қарай жаяу өтіп келе жатқан Қырғыз Республикасыныӊ азаматшасын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл әйел шекаралық тексеруге 1988 жылы туған Гүлнази ісімді Қырғыз азаматшасыныӊ атына берілген төлқұжатты ұсынған. Алайда, төлқұжаттыӊ бөтен адамдікі екендігін бірден аӊғарған шекарашыларға "қулығы" әшкере болып қалған азаматша өзініӊ 1991 жылы туған қырғыз қызы Халима екендігін мойындады. Оныӊ бұл сөзініӊ қаншалықты шындық екендігін, неліктен бөтен төлқұжатпен жүргендігін Жамбыл облысы, Мерке аудандық ішкі істер бөлімініӊ қызметкерлері анықтайтын болады. "Бір әйелдіӊ қулығы қырық есекке жүк болады" деуші еді, бұл әйелдіӊ қулығы ҚР Қылмыс кодексініӊ 392 бабыныӊ 1-бөлігі бойынша мыӊ айлық есептік көрсеткішке теӊ айыппұлмен немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырумен, бес жылға дейін елге келуге рұқсаттан айырумен жазаға тартуды көздейді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны